Ақмола облысының әкімдері ауылда тұрғысы келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының әкімдері ауылда тұрғысы келмейді

Ақмола облысының әкімдері ауылда тұрғысы келмейді

Ақмола облысында жеті ауыл әкімі мен бес учаскелік инспектор өздері жауап беретін аумақтан аулақ тұрғанды жөн көріпті

  • 16 Ақпан 2018
  • 372
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының басшысы Мәлік Мурзалин Көкшетауда немесе аудан орталықтарында тұратын ауыл әкімдерін сынға алды, деп хабарлайды Sputnik.

Өңір басшысы Зеренді ауданына барып, аудан әкімінің халық алдында есеп беру жиналысына қатысты. Әкімнің сын айтуына жеті ауыл әкімі мен бес учаскелік полицейдің өздеріне тапсырылған ауылдық округте тұрмауы себеп болған.

"Зерендіде немесе Көкшетауда тұрады. Өздерінің жағдайы жақсы болғандықтан, ауыл халқының проблемасын шынымен түсінбейді. Бізге жұмыс күні біткен соң тікелей міндеттіліктерін ұмытатын әкімдер мен полиция қызметкерлері керек емес", – деді Мәлік Мурзалин.

Бұл жайтты реттеу үшін өңір басшысы аудан әкімі, облыс әкімінің аппараты басшысы, ішкі істер департаменті басшысына тапсырма берді. Кездесудің аяғында Мәлік Мурзалин Зеренді ауданының даму әлеуеті жоғары екенін атап өтті.