Ақмола облысының әкімдігі өңірде мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыруға ниет білдіріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының әкімдігі өңірде мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыруға ниет білдіріп отыр

Ақмола облысының әкімдігі өңірде мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыруға ниет білдіріп отыр

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының әкімдігі өңірде мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастырмақ ниетте. Бұл туралы бүгін "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар - өңірлерді дамыту негізі " атты дөңгелек үстел барысында Ақмола облысының әкімі Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Болашақта республиканың астық өсіретін облыстарын жанар-жағармай материалдарымен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін облыс аумағында мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыру жоспарланып отыр», — деді А. Рау.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып Есіл ауданында қуаты жылына 150 мың тонналық биоэтанол өндірісінің зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті