Ақмола облысының әкімдігі "Сарыарқа" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын Көкшетаудағы қала құрылысына тартуға ниет білдіріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының әкімдігі "Сарыарқа" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын Көкшетаудағы қала құрылысына тартуға ниет білдіріп отыр

Ақмола облысының әкімдігі "Сарыарқа" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын Көкшетаудағы қала құрылысына тартуға ниет білдіріп отыр

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының әкімдігі "Сарыарқа" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын Көкшетаудағы қала құрылысына тартуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы бүгін "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар - өңірлерді дамыту негізі" атты дөңгелек үстел барысында Ақмола облысының әкімі Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 518
Фото - Caravan.kz

«Облыс орталығы Көкшетауды дамыту керек. Жаңа ықшамаудандарды дамыту жобалары бар. Біз қазір бас жоспарды бекітуге дайындалып жатырмыз. Тұтас ықшамаудан салатын жерлер анықталған. Және іс жүзінде бұл жерлер ӘКК беріледі. Ал корпорация қаржылық құрылыс операторын тартуы керек», — деді А. Рау.

Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында таралған облыс әкімінің баяндамасының тезистеріне қарағанда мәселе жаңа кешенді ықшамаудан салатын жалпы аумағы 200 гектар болатын жер телімі жайлы болып отыр.

Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімдігі «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына ең жақсы деген 500 гектар жерді беруді ұсынды. Ол жер Астана қаласының маңында азаматтардың жеке тұрғын үйлерін салуға арналған жерлер болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті