Caravan Logo

Ақмола облысының әкімі Есіл ауданы Красногорский ауылын абаттандыру бағдарламасының жобасын жасауды тапсырды

Ақмола облысының әкімі Есіл ауданы Красногорский ауылын абаттандыру бағдарламасының жобасын жасауды тапсырды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, А. Рау уәкілетті басқармалар мен мекемелерге "қысқа мерзім ішінде бірнеше жылға есептелген және Красногорский ауылын абаттандыруға бағытталған мәселелерді шешу бағдарламасының жобасын жасауды тапсырды".

Бұл кент уран руднигінің жұмысшыларының тұруы үшін құрылған. Бүгінде ол кәсіпорын жұмыс істемей қалды. Жастар ауылдан үдере көшіп, ауылда тек қариялар қалған. Қазір онда 269 отбасының 538 адамы тұрады. Орта мектепте 50 -ге жетер-жетпес бала оқиды. Биыл бірінші сыныпқа небәрі 8 бала барған.