Ақмола облысының тұрғыны бөтен үйге кіріп ұйықтап қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының тұрғыны бөтен үйге кіріп ұйықтап қалған

Ақмола облысының тұрғыны бөтен үйге кіріп ұйықтап қалған

Жәбірленушінің сөзіне сенсек, үйде ешнәрсе жоғалмаған

  • 27 Қараша 2017
  • 200
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысында ішімдікке мас болған тұрғын бөтен үйге терезесін сындырып кіріп, сол жерде ұйықтап қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аталған аймақтың Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

26 қараша күні Көкшетау қаласының Ішкі істер бөліміне 38 жастағы әйел адам үйіне бөтен ер адамның кіріп алғанын айтып шағымданған. Жәбірленушінің сөзіне сенсек, үйде ешнәрсе жоғалмаған.

«44 жастағы маскүнемнің жергілікті тұрғынның үйіне терезесін сындырып кіріп, сол жерде ұйықтап қалғаны анықталды. Терезенің сынғанын естіген әйел үйінде ұйықтап жатқан бейтаныс ер адамды көрген. Осыдан кейін оқиға орнына келген полицейлер ер адамды бөлімшеге алып барады. Ер адамның айтуынша, күдікті ішімдікке мас болып, үйін шатастырып алған», — делінген хабарламада.

Дәл қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған іске қатысты 1-бөлімнің 149-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам 300 МРП көлемінде айыппұл төлейді немесе 240 сағат қоғамдық жұмыстар істейді.


Соңғы жаңалықтар