Ақмола облысы Атбасар ауданының Родионовка ауылында өрт кезінде екі ағайынды қаза болды, деп хабарлайды Today.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық полицияның баспасөз қызметінің "Интерфакс-Қазақстанға" берген ақпары бойынша, сейсенбі күні жер үйде өрт шыққан. Өртті сөндіру кезінде 1966 және 1971 жылы туылған екі ағайындының денесі табылған. Ағайындылардың кішісі — 1 топ мүгедегі.
Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға төсекте жатып шылым шегу себеп болған.