Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.
Жас спортшылар Өскеменнен Рудный қаласына қарай бет алған екен. Жолда автобустың дөңгелегі істен шыққан. Оқиға Алматы-Екатеринбург тас жолының 939-шы шақырымында орын алды деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Автобуста барлығы 21 адам болған. Олардың 17-сі жасы 12-13 аралығындағы балалар.
"Құтқарушылар автобусты жөндеуге көмектесті. Әкімшілікпен бірлесе жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды", — дейді ТЖД мамандары.
Автобус жөнделгеннен кейін хоккейшілер жарысқа аттанып кетті. Олар жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан біріншілігіне қатысатын болады.