Онда президент ажырасқаны және Тимур есімді бір ұлы бар екені жазылған, — деп жазады Sn.kz
Мәтінде президенттің Алматы қаласында дүниеге келгенінен бастап, ата-анасы жайлы ақпараттар да бар.
«Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы. Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған. Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Ажырасқан. Ұлы – Тимур Қасым-Жомартұлы Тоқаев», — деп жазылған өмірбаянның соңғы азат жолдарында.
Айта кетейік, бұған дейінгі ашық дереккөздерде Тоқаевтың әйелі 1957 жылғы Надежда Давыдовна Тоқаева екені көрсетілетін.