Ақордада Қазақстан мен Жапония арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақордада Қазақстан мен Жапония арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Ақордада Қазақстан мен Жапония арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Бүгін Ақордада Жапония Премьер-министрінің сапарына орай өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды.

  • 27 Қазан 2015
  • 456
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету және кеңейту туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Сонымен қатар ҚР Президенті мен Синдзо Абэ Ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шарт жөніндегі Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Бұдан бөлек, Қазақстан пен Жапония тараптары қаржы барлау басқармалары арасындағы Хаттаманы бекітті. Бұл құжатты Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасы Бейсенғали Тәжияқов пен Қауіпсіздік жөніндегі ұлттық қоғамдық комиссиясының қаржылық барлау жапон орталығы бас директоры Такаши Киношита қол қойды.

Соңғы жаңалықтар