Ақпан айынан бастап Алматы мен Қостанайда жолақы қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпан айынан бастап Алматы мен Қостанайда жолақы қымбаттауы мүмкін

Ақпан айынан бастап Алматы мен Қостанайда жолақы қымбаттауы мүмкін

Бір жыл ішінде Қазақстанда жолақысы 15% қымбаттады.

  • 29 Қаңтар 2018
  • 235
Фото - Caravan.kz

Ақпан айынан бастап тасымалдаушылар Алматы мен Қостанай қалаларында жолақысын қымбаттататын болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

2017 жылы автобустар 18,2 млрд жолаушыны тасымалдады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,6% аз. Автобустардың мұндай көп адамды тасымалдағанына қарамастан, ол транспортқа қатысты кәсіпорындар табысының 20,3%-ын ғана құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 21,1% болған еді.

2017 жылы орташа есеппен Қазақстан қалаларындағы автобус жолақысы 74 теңгені құрап, бір жыл ішінде 14,9% өсті. Астана, Қызылорда және Өскемен қалаларында жол ақысы – 90 теңге болды. Яғни Өскемен мен Қызылордада жолақысы 20% (15 теңге) және 28,6% (20 теңге) өсті.


www.kstnews.kz
 порталының хабарлауынша, биыл ақпан айынан бастап Қостанайда жолақысы 100 теңге (+25%) болады. Мұнымен қатар, Алматы тасымалдаушылары Оңай картасымен жолақысының 150 теңге болуын сұрап отыр. Ал жолақысы қымбаттамаған жағдайда автобус парктерінің шығынын толықтай субсидиялау ұсынылды. Дәл қазір Алматы қаласында жолақысы – 80 теңге, Оңай картасы болмаған жағдайда – 150 теңге.

Соңғы жаңалықтар