Бұдан бұрын қазақстандық БАҚ Нью-Йорктегі сексуалдық азшылық шеруіне қатысушылардың бірі іс-шараға Қазақстан туымен шыққанын хабарлаған болатын, деп жазады Sputnik-Қазақстан.
Парламентте ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі түзету жобаларын талқылау барысында мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов шет елдерде "түбірінен ұлттық санаға қайшы келетін" гей-шеру қатысушылары Қазақстан туларын желбіретіп жүретінін айтты. Осыған орай Сыздықов Абаевтан мемлекеттік құрылымдардың реакциясы туралы сұрады.
"Меніңше, жалпы тәжірибе келесідей, егер ол шектен шыққандық болса, сол елдегі жергілікті органдар, оның ішінде құқықтық тәртіп органдары тиісті шаралар қолдануы үшін наразылықтарын білдіре алатын біздің елшіліктер, дипломатиялық өкілдіктер бар", — деп жауап берді Абаев.
"Бұл жерде біз мемлекеттік орган ретінде қалай әрекет етуге тиіспіз? Қазіргі таңда бұл жерде мен құқықтық жағынан ішкі наразылық білдіруден басқа ештеңе көріп отырған жоқпын. Қоғамның да осы мәселеге қатысты наразылық білдіру тиістігі — ол басқа мәселе", — деп қосты министр.