Ақпарат министрі: БАҚ туралы заң жобасына түзетулер енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпарат министрі: БАҚ туралы заң жобасына түзетулер енгізілді

Ақпарат министрі: БАҚ туралы заң жобасына түзетулер енгізілді

Қазақстанның ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев мақала кейіпкерінен жазбаша түрде рұқсат алуды міндеттейтін даулы бапқа түзетулер енгізілді деп мәлімдеді.

  • 16 Қараша 2016
  • 662
Фото - Caravan.kz

Абаевтың айтуына қарағанда, заң жобасының жеке дербес мәліметтерді жариялауға қатысты баптары түзетілген. "Біз түзету жасадық. Әңгіме барлық дербес деректер туралы емес, қолжетімділігі шектеулі мәліметтерге ғана қатысты. Оларға жеке басын куәландыратын құжат, жеке идентификациялық нөмір, жеке телефондары, мекен-жайы, жұмыс орны, еңбек келісім-шарты сияқты мәліметтер жатады",- дейді министр.

Қарашаның басында ақпарат және коммуникация министрлігі ресми сайтында ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын жариялаған. Бұл заң жобасының концепциясы қыркүйекте электрондық үкімет сайтында жарияланған еді. Жобаның кейбір тұстарына, әсіресе дербес мәліметтерге қатысты ұсыныстарына журналистер мен құқық қорғаушылар қарсылық білдірген.

Жобада журналистерді ақпараттың шынайылығын тексеріп, жеке басына қатысты мәліметтері жарияланатын адамнан немесе өкілінен оның жеке бас мәліметтерін жариялауға рұқсат алуға міндеттеу қарастырылған. Құжат бойынша, жеке адамның ресми және ақпараттық хабарламаларда келтірілген мәліметтерін жариялауға шектеу қойылмайды.


Соңғы жаңалықтар