Ақпарат министрі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау қарасыңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережелерінің жекелеген тәртіптерімен келіспейтіндігін тағы да мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпарат министрі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау қарасыңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережелерінің жекелеген тәртіптерімен келіспейтіндігін тағы да мәлімдеді

Ақпарат министрі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау қарасыңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережелерінің жекелеген тәртіптерімен келіспейтіндігін тағы да мәлімдеді

ҚР Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау қарасыңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және парламент мәжілісінің депутаттарының сайлауы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережелерінің жекелеген тәртіптерімен келіспейтіндігін тағы да мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін, 18-тамызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Тамыз 2004
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Өкінішке орай, Орталық сайлау комиссиясы біздің министрліктің нұсқауларын ескермей, бізбен келіспестен ережелердің ақырғы нұсқасын бекітіп, әділет министрлігінде тіркеп үлгерді»,- деді А.Сәрсенбаев.

Атап айтсақ, сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны тұсында БАҚ-тың таралым санын арттыруды шектеуді министр «азаматтық кодексті тікелей бұзу» деп санайды. «Егер сайлау алдындағы науқан кезінде сұраныс артқан жағдайда газетке неге өз таралымын арттыруға болмасқа!» . «Осындай әрекет арқылы біз бұқаралық ақпарат құралдарының шаруашылық іс-қызметіне араласып отырмыз»,- дейді А.Сәрсенбаев.
Сондай-ақ, теледебаттарды өткізу мерзімі ақпарат министрінің «көңілінен тіпті де шықпайды». «Бұл жерде кінә телекомпанияларда емес. Мерзімді белгілеуші — Орталық сайлау комиссиясы»,- деді министр. «Менің пайымдауымша, теледебаттарды халық жазғы демалыстан оралып, мұғалімдер мен студенттер жиналып, қалыпты тірліктер басталатын қыркүйек айында өткізген абзал»,- деді ол. Оның пікірінше, теле пікір-сайыстарды ұйымдастыру жөніндегі норманың құзыры тек БАҚ-тарға ғана жүріп, Орталық сайлау комиссиясы тек ережені бекітуі тиіс. «Пікір -сайыстардың тақырыбы мен оны ұйымдастыру мәселесін бұқаралық ақпарат құралдары өз бетімен шешуі тиіс. Көзқарасты телекомпанияға таңуға болмайды»,- деді А.Сәрсенбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау қарасыңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және парламент мәжілісінің депутаттары сайлауын ақпаратпен қамтамасыз ету ережелерін ҚР әділет министрлігі тіркеді. Ережелер 19-тамыздан бастап Қазақстан аумағында жаппай міндетті түрде орындалуы тиіс.

Перейти к новостям спорта