Ақпарат министрлігі жаңа басылымдарды тіркеу мерзімін негізсіз сөзбұйдаға салып отыр - "Журналисты в беде" - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпарат министрлігі жаңа басылымдарды тіркеу мерзімін негізсіз сөзбұйдаға салып отыр - "Журналисты в беде"

Ақпарат министрлігі жаңа басылымдарды тіркеу мерзімін негізсіз сөзбұйдаға салып отыр - "Журналисты в беде"

Бүгін, 20-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Журналисты в беде" қоғамдық қорының президенті Розлана Таукина : "Ақпарат министрлігі жаңа басылымдарды тіркеу мерзімін негізсіз сөзбұйдаға салып отыр",- деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қыркүйек 2005
  • 673
Фото - Caravan.kz



Р.Таукинаның айтуынша, «Журналисты в беде» қоғамдық қоры шілде айында жаңа газетті тіркеу туралы өтініш берген. «Алайда, тіркеуге бөлінетін 15 күн әлдеқашан өтіп кеткеніне қарамастан, ақпарат министрлігі әлі күнге дейін үн-түнсіз отыр»,- деді ол.
Р.Таукинаның айтуынша, «жаңа газетті тіркеу үлкен қиындық тудыратыны туралы қорға шағымданатындар көп». «Мәселен бізге газетті тіркеу туралы маусым айында өтініш берген бес газеттің қожайынынан шағым келіп түсті. БАҚ-ты министрлікте тіркеу туралы қолданыстағы ережеге байланысты тіркеуден бас тартуға ешбір негіз жоқ. Барлық бюрократиялық кедергілерден өткеніне қарамастан, газеттер күні бүгінге дейін тіркелмей отыр»,- деді Р.Таукина.
«Журналисты в беде» қоғамдық қорындағылардың пікірінше, ахуал алдағы президент сайлауына байланысты да «ушыға түсуде».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта