С.Әбдірахмановтың айтуынша, ақпарат министрлігі тіпті өткен жылдың аяғында барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен жауапты қызметтерге хабарлама жолдап, «Жарнама туралы» заңның 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетінін ескерткен. Министрдің айтуынша , БАҚ-тардың басым бөлігі спиртті өнімдер мен темекі жарнамасына тыйым салу туралы талапты орындап отыр, ірі қалалардың көшелеріндегі «осындай жарнамасы бар биллбордтар жоғалып кетті». Ал, «Жарнама туралы» заңның талаптарын елемей отырған бұқаралық ақпарат құралдарына тіпті сот арқылы жаза жүктелетін болады.
Ақпарат министрінің айтуынша, «қулығын асыра білген» кейбір компаниялар алкогольды марка ретінде Қазақстанда танылған брэндтерді жарнамалауды доғармай отыр. Алдағы уақытта С.Әбдірахманов басқаратын мекеме әділет министрлігіне сұрау салып, осындай жарнамаға тыйым салу мүмкіндігін анықтамақшы.