Ақпарат министрлігі "Жарнама туралы" заңның талаптарын орындамай, "қулығын асырып" отырғандарды жазалауға кіріседі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпарат министрлігі "Жарнама туралы" заңның талаптарын орындамай, "қулығын асырып" отырғандарды жазалауға кіріседі

Ақпарат министрлігі "Жарнама туралы" заңның талаптарын орындамай, "қулығын асырып" отырғандарды жазалауға кіріседі

ҚР ақпарат министрлігі жуырда "Жарнама туралы" заңның талаптарын орындау жағдайына, соның ішінде спиртті өнімдер мен темекі жарнамасына тыйым салуға қатысты баптардың орындалуына мониторинг жүргізбекші. Бұл туралы кеше, 5-ақпанда өткен сенат отырысында ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 6 Ақпан 2004
  • 644
Фото - Caravan.kz

С.Әбдірахмановтың айтуынша, ақпарат министрлігі тіпті өткен жылдың аяғында барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен жауапты қызметтерге хабарлама жолдап, «Жарнама туралы» заңның 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетінін ескерткен. Министрдің айтуынша , БАҚ-тардың басым бөлігі спиртті өнімдер мен темекі жарнамасына тыйым салу туралы талапты орындап отыр, ірі қалалардың көшелеріндегі «осындай жарнамасы бар биллбордтар жоғалып кетті». Ал, «Жарнама туралы» заңның талаптарын елемей отырған бұқаралық ақпарат құралдарына тіпті сот арқылы жаза жүктелетін болады.

Ақпарат министрінің айтуынша, «қулығын асыра білген» кейбір компаниялар алкогольды марка ретінде Қазақстанда танылған брэндтерді жарнамалауды доғармай отыр. Алдағы уақытта С.Әбдірахманов басқаратын мекеме әділет министрлігіне сұрау салып, осындай жарнамаға тыйым салу мүмкіндігін анықтамақшы.

Соңғы жаңалықтар