Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілді

Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекітті.

  • 30 Шiлде 2015
  • 485
Фото - Caravan.kz

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы

№655 2015 жылғы 28 мамыр,  Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған: 1) «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Мыналар: 1) «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 165 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 19 қазанда № 8030 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылы 24 сәуірде № 143-144 (27417-27418 жарияланған); 2) «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашада № 179 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 19 қазанда № 8180 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылы 29 желтоқсанда № 453-455 (27272-27274 жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.


4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а.    А.РАУ.
Құжаттың қосымшасы республикалық БАҚ-та жарияланған. 

Соңғы жаңалықтар