Телеарнаның хабарлауынша, кеше мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақпарат және мұрағат комитетінің жаңа төрағасы Бағлан Майлыбаевты таныстырды. «Казахстанская правда» газетінің ең жас бас редакторы болған Бағлан Майлыбаев сонымен қатар, белгілі ғалым, саясаттанушы. Бұған дейін ол президент баспасөз қызметінің басшысы және Елбасының баспасөз хатшысының орынбасары болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті