Ақпарат және мұрағат комитетінің жаңа төрағасы болып Бағлан Майлыбаев тағайындалды

Телеарнаның хабарлауынша, кеше мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақпарат және мұрағат комитетінің жаңа төрағасы Бағлан Майлыбаевты таныстырды. "Казахстанская правда" газетінің ең жас бас редакторы болған Бағлан Майлыбаев сонымен қатар, белгілі ғалым, саясаттанушы. Бұған дейін ол президент баспасөз қызметінің басшысы және Елбасының баспасөз хатшысының орынбасары болған.