Жарияланды: 620

«Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасын қарау 2012 жылға қалдырылды

Заң шығару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасын қарауды 2012 жылға қалдырды, деп мәлім етті мәжілісмен Жақып Асанов.

«Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасын қарауды заң шығару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2012 жылға қалдырды. Биылғы жылдың соңына дейін жұмыс тобы кейбір баптар бойынша түзетулер енгізеді», - деді Ж.Асанов жұма күні «Ақпараттық құқық – адамның құқықтары мен бостандықтарының құрамдас бөлігі» деген тақырыптағы дөңгелек үстел отырысында. Оның мәліметтеріне сәйкес, (ҚР-да - ҚазТАГ) ақпарат беру нормалары жұмыс істемейді. «… Қоғам көбінесе бас тарту (ақпаратты беруден – ҚазТАГ), уақытында бермеу, шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат беру сияқты жағдайларға тап болады. Бүгінгі күні біздің заңнамада ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге қатысты барлық жағдайлар бар, сондықтан мұнда проблема жоқ. Мәселе тыйым салынбаған ақпаратты ашуда», - деді ол. Депутат ЕҚЫҰ-ның халықаралық сарапшылары қазақстандық заң жобасының мықты жақтарын атап көрсетті. Атап айтқанда, бұл бұқаралық ақпаратты мемлекеттік органдар ғана емес, мемлекеттік акционерлік қатысуы бар компаниялар да, монополистер де беруге тиіс деген нормалар. «Мемлекеттік тендерлерге қатысатын жеке меншік фирмалар да бюджет қаржысын пайдалану туралы азаматтарға есеп беретін болады», - деді ол. «28 маусымда жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, онда «Кейбір заңнамалық актілерге ақпаратқа қолжетімділік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасының тұжырымдамасы мен құрылымы талқыланады. Отырыста ақпаратты ауызша сұрау жағдайларын қараймыз, (…) ауызша сұранымға жауап беру тетігі реттелмеген», - деді мәжіліс депутаты. Ж. Асанов заң жобасын («Ақпаратқа қолжетімділік туралы» - ҚазТАГ) алғаш рет 2010 жылдың қырқүйек айында таныстырған болатын. Құжаттың жобасы «Нұр Отан» ХДП-сының құқықтық кеңесі Парламентаризм институтымен және БҰҰ ДБ-мен бірлесіп, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен әзірледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін