Ақпараттық дау-дамайларды реттеу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері сайлау кезінде журналистерді байыптылыққа шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпараттық дау-дамайларды реттеу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері сайлау кезінде журналистерді байыптылыққа шақырды

Ақпараттық дау-дамайларды реттеу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері сайлау кезінде журналистерді байыптылыққа шақырды

16-қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясында ақпараттық дау-дамайларды реттеу жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 553
Фото - Caravan.kz

KZ-today тілшісіне Орталық сайлау комиссиясынан хабарлағанындай, отырыс барысында Аграрлық және аазаматтық партиялардың АИСТ сайлау алды блогының өтініші қаралды. Республикалық «Жас алаш» газеті блок үміткерінің сайлау алдындағы БАҚ арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу құқығын бұзды делінген арызда. АИСТ өкілінің айтуынша, блок атынан депутаттыққа ат ұсынған үміткер үгіт материалын басу туралы газетпен келісімге келіп, оны 15-қыркүйекте жариялау үшін редакцияға 12-қыркүйекте жолдайды. Алайда, газет басшылығы себебін айтпастан келісімді бір жақты бұзып, материалды баспай қойған.

Кеңес отырысында «Жас алаш» газетінің Астанадағы меншікті тілшісі тиісті құзыретке ие емес екенін, АИСТ блогының шағымына жауап беру үшін жағдайдан бейхабар екенін жеткізді. Осыған байланысты кеңеске төрағалық жасаған ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Қуандық Тұрғанқұлов кеңестің келесі отырысына «Жас алаш» газеті бас редакторының орынбасары Қ.Сәрсенбайды шақыру туралы ұсыныс жасады.
Сондай-ақ, кеңес «31 телеарнаның» Орталық сайлау комиссиясының іс-қызметін ылғи да жамандайтындығы туралы мәселе қаралды. Мәселен, «31 телеарнаның» эфирінде Орталық сайлау комиссиясының іс-қызметі, жекелеген саяси партиялар мен жалпы сайлау процессі туралы көбінесе теріс сипатта насихатталатынына наразылық білдірілді.
Кеңес мүшелері «31 телеарна» басшылығына осындай әрбір деректің байыбына барып, тиісті шара қолдану туралы хат жолдауға ұйғарды. Кеңес мүшесі, ақпарат министрінің міндетін атқарушы Олег Рябченко сайлау процессіне қатысушы барлық тараптарды заң талаптарын орындауға шақырды. Ол журналистерді сайлау кезінде мейлінше байыпты әрі ойламды болуға үндеді.

Перейти к новостям спорта