Ақпараттық хабарлама - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2019 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға «Kazakhstan Today» Агенттігі» ЖШС беретін «Караван» газетінің баспа алаңы, CARAVAN.kz медиа-порталының жалпы талаптары

  • 26 Сәуiр 2019
  • 106
Фото - Caravan.kz

«Kazakhstan Today» Агенттігі» ЖШС (бұдан әрі — Серіктестік) – «КАРАВАН» газетінің меншігі – (бұдан ары — Газет), «CARAVAN.kz» Медиа-порталы» //www.caravan.kz/ (ары қарай — Портал), Алматы қаласы, Республика алаңы, 13 мекен-жайы бойынша орналасқан (Сәтпаев көшесі, Н. Назарбаев) LED-экраны (ары қарай — Экран) 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 09 сәуірдегі № 18 Жарлығымен тағайындалған 2019 жылғы 09 маусымдағы кезектен тыс сайлауыға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Президентігіне тіркелген кандидаттарға (бұдан ары -Кандидат) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан ары – үгіт материалдары) орналастыру үшін баспа кеңістігін және басқа да аумақтарды ұсыну шарттары мен тәртібі және ақысы туралы хабарлайды.

Сайлау алды үгіт жұмыстары Қазақстан Республикасы Президентігіне кандидаттарды тіркеу уақыты аяқталған сәттен басталады және сайлаудың алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша үгіт материалдары 2019 жылдың 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап 2019 жылдың 8 маусымы 0.00 сағаты аралығында жүргізіледі.

Серіктестік үгіт материалдарын жариялауды мынадай жолдармен атқарады:

  1. Газетте мақала, модуль түрінде баспа алаңын ұсыну;
  2. Порталға мақала, Баннерге шығару
  3. Бейнеролик, заставкалар үшін Экраннан уақыт бөлу

Үгіт материалдарын жариялау Серіктестік пен Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілі арасында үгіт материалдарын жариялауды ұсынудың нұсқалары туралы жасалған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.

Шарт жасауға Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің Серіктестік жетекшісінің атына жазған жазбаша өтінші негіз болады, ол келісім-шартқа енгізіледі.

Өтініште үгіт материалдарын орналастырудың саны, болжамды мерзімі мен әдістері туралы ақпарат қамтылады. Өтініш Қазақстан Республикасы Президентігіне кандидаттар өтініштерін тіркеу журналында басымдық тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініш алынған күнді белгілеу арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) тұлғаның шарт жасасуға уәкілеттігін растайтын құжаттар.

Жазбаша өтініштер Серіктестік тарапынан 2019 жылдың 6 мамырынан 5 маусымына дейін сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін, Алматы қаласы Республика алаңы, 13, 204 — кенседе қабылданады. Тел. +7 (727) 258-36-13, 258-36-17.

Факсимильді және интернет желілері арқылы жазбаша өтініш қабылданбайды.

Үгіт материалдарында олардың төлемі мен қаржыландыру көздері және ақпаратты ұсынған адамның аты-жөні көрсетілуі тиіс.

Үгіт материалдарын орналастыру кезегі Серіктестік тарапынан жазбаша өтініштердің келіп түсуімен немесе егер өтініштер бір мезгілде қабылданған болса, жеребе тастау арқылы белгіленеді. Жеребе салу тәртібі мен шарттарын Серіктестік белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұрау салынған материалдарды орналастыру әдісі, ертерек өтініш берген басқа кандидатқа берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты ұсыну мүмкін болмаса, Серіктестік Кандидатқа үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа орын, уақыт ұсынады.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі

Үгіт материалдары Серіктестікке келісімшартта көзделгендей дайын күйде, көлемде және Серіктестікпен сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын ұсыну мүмкіндігі жайлы шартына уәкілетті өкілі қол қойған күйде ұсынылады.

Үгіт материалдары Серіктестікке, газет шығарылғанға дейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей, Порталда және/немесе Экранда орналастыру үшін 1 (бір) жұмыс күнінен бұрын беріледі.

Егер олардан конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Республиканың біртұтастығына нұсқан келтіру, мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни және рулық араздықты қоздыру, қатыгездікке және зорлық-зомбылықты үгіттеу, сондай-ақ, заңдарда көзделмеген және заңнамамен бекітілмеген өзге де әскерилендірілген құралымдарды құру ниеті байқалса, Серіктестік үгіт материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы


Серіктестік Қазақстан Республикасы Президенттігіне басқа кандидаттарының ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда үгіт материалдарын шығарудан бас тартуға құқылы. Кандидат Серіктестіктің өтініші бойынша үгіт материалдарында жоғарыда көрсетілген сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнына Қазақстан Республикасының заңнамасына, әрі авторлық және сабақтас құқықтарына сәйкестігіне жеке жауапты.

Аталған ақпараттық хабарламада белгіленген шарттар мен тәртіпті бұзған жағдайда, сондай-ақ тиісті келісімшарттың талаптарын бұзған жағдайда үгіт материалдары жарияланбайды немесе кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатылады.

Үгіт материалдарын жариялаудың құны:

• Модульді газет беттеріне журналистік жарияланым, ҚҚС-ты (НДС) қоса есептегенде 1 шаршы сантиметрі 1000 (бір мың) теңге.

• Мақалаларды газет беттеріне журналистік жарияланымдармен шығару, ҚҚС-ты (НДС) қоса алғанда, 1 шаршы сантиметрге 2 000 (екі мың) теңге.

Баннерде 300 * 400 көлемінде орналастыру 1000 көрсетілім үшін ҚҚС-ты (НДС) қоса есептегенде 800 (сегіз жүз) теңге; Порталда «Күннің картинасы» блогындағы басты бетке шығарылған мақала орналастыру үшін ҚҚС-ты қоса есептегенде 50 000 (елу мың) теңге; Порталды 1 күн бойы «Басты жаңалықтар» блогындағы басты бетке шығару арқылы мақала орналастыру үшін ҚҚС-ты есептегенде 250 000 (екі жүз елу мың) теңге; Порталдың «Басты жаңалықтар» блогындағы басты бетіне 3 күн бойы мақала орналастыру үшін ҚҚС есебімен 400,000 (төрт жүз мың) теңге.

  • 27 күн бойы бейнеролик және / немесе заставка орналастыру үшін ҚҚС-ты (НДС) қоса есептегенде 153 000 ( жүз елу үш мың) теңге, Экранда 10 күн бойы (күніне 10-15 секунд) ҚҚС-ты (НДС) қоса есептегенде, 85 000 (сексен бес мың) теңге

Бағасына газеттің толық шығарылымының баспа нұсқасын Порталда өзгеріссіз түрде орналастыру кіреді.

Үгіт материалдарын орналастыру туралы келісім бойынша төлем Серіктестік ұсынған шот негізінде 5 (бес) банктік күн ішінде жүзеге асырылады.

Газеттің параметрі:

Газеттің форматы: А3, тиражы — 50 000 дана, жиілігі – аптасына бір мәрте (жұма), таралу аумағы – Қазақстан Республикасы, тілі — орысша.

Үгіт-насихат материалдары Порталдың техникалық талаптарымен сәйкес болуы тиіс:

Графикалық кескін:

Файл типі: JPEG, JPG, PNG, GIF

Файл көлемі: 150 КБ-дан артық емес

Экранға арналған үгіт материалдары техникалық талаптарға сай болу қажет:

БЕЙНЕРОЛИК ҮШІН

ЗАСТАВКА ҮШІН

Бейненің көлемі 640*360

25 fps, MP4, H264, 5000kbps

Пиксели: 544*336

Тілі — қазақша және орысша.

Бейнероликтің ұзақтығы 30 сек-тан ұзақ емес.

Аталған ақпараттық хабарламада көрсетілген сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүзеге асыру әдістерін ұсынудың шарттары мен тәртібі, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

«Kazakhstan Today» Агенттігі» ЖШС

Бас директоры

Нездемковский А.В.