«Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасы жыл соңына дейін қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасы жыл соңына дейін қабылданады

«Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасы жыл соңына дейін қабылданады

«Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасы жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін.

  • 1 Қараша 2012
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Kazakhstan Information Technologies -2012» көрме-конференциясы барысында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

Оның сөзінше, қазіргі кезде қазақстандық компаниялардың алдында тек қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар өздерінің жеке бағдарламалық жасақтамаларын өндіріп шығару мақсаты қойылды.

«Ол үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленді. Атап айтқанда, бағдарламаның жобасы қолда бар. Біз оны Үкіметтің қарауына енгізбекпіз. Менің ойымша, жыл соңына дейін бұл құжат қабылданады»,-деді вице-министр.

С. Сәрсеновтың сөзінше, бағдарламада қазақстандық ІТ- компанияларына мемлекеттік қолдау көрсетудің көптеген тетіктері ескерілген. Оның пайымдауынша, бағдарлама нарықта еліміздің бұл саласын дамытуға елеулі үлес қоспақ.

Соңғы жаңалықтар