Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін Астана қаласында өткен "Электрондық қызметтер - мемлекетпен халықтың өзара іс-қимылының тиімді құралы" атты конференцияда Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасының орынбасары Ерлан Дүрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2008
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Бағдарлама 2006 жылы қабылданып, 2007 — 2009 жылдарға арналды, мемлекеттік бюджеттен 15 млрд теңге, жылына шамамен 5 млрд теңге бөлінуде», -деді Е. Дүрмағамбетов. Оның айтуынша, «бұл 15 млрд теңгенің 13 млрд теңгесі республикалық бюджеттен және 2 млрд теңгесі — жергілікті бюджеттен бөлінуде».

Оның айтуынша, «инвестициялардың басым бөлігі оқыту процессін ұйымдастыруға: республика аумағы бойынша 2512 класс жабдықтауға, осы кластарда сабақ үйрететін оқытушыларды дайындауға, әдістемелік оқулықтарды жасап бастырып, таратуға, сондай-ақ, ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі сертификат секілді баспа өнімдерін шығаруға жұмсалуда».

«Ал мәдени мұра порталына келсек, оны жасауға біз ақша жұмсаған жоқпыз», -деді агенттік өкілі. «Порталды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жасауда, ол тегін жасалуда, бірақ ол келешекте оммерциялық сипатқа көшеді», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар