Ақсай-Орал газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсай-Орал газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойылды

Ақсай-Орал газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қарашығанақ интеграциялық ұйымымен арада Ақсай-Орал газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы 11-мамырда Оралда өткен қысқаша баспасөз мәслихатында мемлекет басшысы журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Мамыр 2005
  • 587
Фото - Caravan.kz

«Мен бүгін Қарашығанақ интеграциялық ұйымының алдына 500 млн. текше метр газ бөлу және алдағы 1,5- 2 жылда Ақсайдағы кеніштен Оралға дейін газ құбырын тарту туралы мақсат қойдым»,- деді Н.Назарбаев. Елбасының айтуынша, газ құбыры облыстың халық тығыз орналасқан елді мекендері арқылы өтеді. «Ал Оралға көгілдір отын екі жылдан кейін келеді»,- деді ол.

Сонымен бірге Елбасы Қарашығанақ кенішін одан әрі дамыту мәселесіне тоқталды. «Кеніш үш-төрт кезеңмен дамытылады. Бірақ ол үшін қазір газ өңдеу зауыты жетіспей отыр»,- деді президент. Қазіргі жағдаймен Қазақстан мен Ресей арасында бірлескен кәсіпорын құрылды. Елбасының пікірінше, бұл — Қазақстан үшін тиімді жоба. Нәтижесінде газ «Газпром» ААҚ-ның жүйесі арқылы сатылатын болады. Президент жобаның даму қарқынына оң баға берді.
Табиғат қорғау заңнамасының сақталуы туралы сөз қозғаған президент «егер кенішті игерушілер экологияға қатысты лайықты шараларды алмайтын болса, үлкен тауқыметтерге тап келеді, өз басым олар бұл талапқа жауап қатып, құлақ асады деп ойлаймын», деді .

Перейти к новостям спорта