АҚШ: 8 жасар бала миллионер атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ: 8 жасар бала миллионер атанды

АҚШ: 8 жасар бала миллионер атанды

АҚШ-та 3 жыл бұрын Эван есімді бала мен оның әкесі Джаред YouTube-тан балаларға арналған канал ашып, оған қысқа бейнероликтер сала бастапты, деп жазады Росбалт.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 239
Фото - Caravan.kz

Бұл видеороликтерде балаларға арналған жаңа ойыншықтар мен ойындар туралы автордың жеке пікірі жазылған. Әкесі ұлын камераға түсіріп, оның видеоларын ғаламторға жүктеуге көмектесіп отырған.

Кейін келе Эванның сараптамалары жұртқа таныла бастапты. Бала ойыншықтар жайлы әңгімелей отырып, оның қай жастағы балаларға қызықты екендігін, қай тұсы ұтымды шыққанын, қай жерінде кемшілігі барын айтып отырған.

Бұл көпшіліктің көңілінен шығып, олардың көрермендері 750 млн. адамға жеткен. Осы есеп бойынша Эван жылына $1,3 млн. табыс табады екен. Оның ата-анасы бұл ақшаны сақтап, кейін оқуына жұмсамақ көрінеді.


Бұл сома оларға Эванның танымал бренд ойыншықтарды жарнамалағаны үшін және оған сарап жасағаны үшін төленеді.