«Грузия басшылығының Оңтүстік Осетиядағы әрекеттерін Вашингтоннан тікелей басқарып отыр деп айту — тек жорамал ғана… Ол Тбилисиге қарулы күштерді жаңалауға, жеке құрамды жасақтауға, техниканы жаңартуға, оқ-дәрі жеткізуге АҚШ жағы үлкен көмек көрсетуіне негізделіп айтылған. Бұл — құпия емес», — деді В. Спринчан журналистер сауалына берген жауабында.
«Бірақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың РФ СІМ Сергей Лавровпен және Грузия жағымен телефон арқылы келіссөздер жүргізуі, сондай-ақ, президент Буштың қақтығысқа қатысушы жақтарды атыстар мен әскери қимылдарды доғаруға шақыруы АҚШ-тың бейбітшілік ниетін, шиеленісті, соның ішінде әскери іс-қимылдарды тоқтатуды, бейбіт келіссөздерді бастауды қалайтынын паш етеді», — деді елші.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті