АҚШ әскері Қырғызстан азаматын атып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ әскері Қырғызстан азаматын атып тастады

АҚШ әскері Қырғызстан азаматын атып тастады

БІШКЕК. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қырғызстандағы Ганси әуе базасында АҚШ әскері Қырғызстан азаматын атып тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан ІІМ-дегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 7 Желтоқсан 2006
  • 578
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала мәліметке сәйкес, оқиға әуе базасының бақылау-тексеру бекетінде болған. АҚШ әскері ұшақ жанармайын таситын көліктің 42 жастағы жүргізушісін екі оқпен атып тастады. АҚШ әскерилерінің айтуынша, әлгі адам автокөлікпен әуе базасының аумағына өтіп кетпек болған-мыс.

Оқиға орнына Қырғызстан ІІМ-нің міндетін атқарушы Өмірбек Сұбанәлиев пен Қырғызстанның көлік және коммуникациялар министрі Нұрлан Сулайманов барды. Қазір тергеу жүргізілуде.

Бұл соңғы үш айда Ганси әуе базасында болған екінші осындай оқиға. 26-қыркүйекте АҚШ-тың жанармай таситын ұшағы ұшу жолағына шығып кетіп, ұшуға көтерілген жолаушы тасымалдаушы ТУ-154 ұшағын соққан. Соның салдарынан АҚШ әуе күштерінің ұшағы жанып кетті. Ал азаматтық ұшақ қанатындағы ауқымды ақаумен қонуға мүжбүр болды.

Ганси әуе базасы Бішкектен 30 шақырым жердегі халықаралық Манас әуежайының аумағында орналасқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта