АҚШ әскери ведомствосы Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ әскери ведомствосы Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

АҚШ әскери ведомствосы Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

 Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов АҚШ Қорғаныс министрінің Азия-Тынық мұхит мәселелері жөніндегі көмекшісі Дэвид Ширді қабылдады.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 498
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Орталық Азиядағы, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай талқыланды.
«Бүгін мен бас штаб бастығы генерал Жасұзақовпен, премьер-министрмен кездестім (…). Аймақтағы, соның ішінде, Ауғанстандағы ахуалды талқыладық. Сонымен қатар, мен АҚШ әскеріңің Ауғанстан аумағынан әкетілуіне байланысты өз елімнің Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін тағы бір рет растадым», — деді Д.Шир бейсенбі күні журналистерге.
Айтуынша, кездесулерде бітімгершілік пен Қазақстан қарулы күштерінің кәсіби деңгейін көтеру, Қазақстанда ерікті армияға көшу, әскери дайындық және терроризмге қарсы күштердің әлеуетін арттыру саласындағы ынтымақтастық мәселесі сөз болды.

Бүгін Астанадағы Америка Құрама Штаттары елшілігінде Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қорғаныс министрінің көмекшісі Дэвид Ширмен брифинг өтті.

Пентагонның жоғарыда тұрған өкілі Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен, ҚО Қорғаныс министрлігі Бас штабының бастығы Сәкен Жанұзақовпен және ҚР СІМ басшысымен кездескенін мәлімдеді.

Д. Ширдің айтуынша, ол қазақстандық өкілдермен Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды талқылады. АҚШ Ауғанстаннан америкалық контингенттің таяуда шығатынын ескеріп, Астанамен ынтымақтастықты жалғастыруға тұрақты мүдделілігін растады.

Д. Шир Қазақстан Азиядағы мықты әріптестердің бірі екенін атап өтті. Азия материгі жайлы айта келе, АҚШ қорғаныс министрінің көмекшісі олардың түсінігінде бұл өңір Каспий теңізінен Тынық мұхитындағы Гуам аралына дейін екенін атап өтті.


Д.Ширдің айтуынша, бұл — оның біздің елге алғашқы сапары. Қазақстаннан басқа АҚШ өкілі Қытай мен Үндістанға бармақ. «Бұл осы өңірдегі (Азия) ең маңызды үш ел. Біздің контингет Ауғанстаннан шыққаннан кейін Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы маңызды әріптесі болып қалады», — деді ол.

 «АҚШ Қазақстанның гүлденген тәуелсіз, дербес ел болып қала бергенін қалайды. Біз Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз. АҚШ пен Қазақстан екі елдің әскери ведомстволарының бесжылдық жоспарының негізінде қорғаныс ведомстволары желісі бойынша тиімді ынтымақтасып келеді. Бітімгерлік күштер  әлеуетін дамыту, қазақстандық әскерді кәсібилендіру мақсаттары қолға алынуда. Атап айтқанда, АҚШ  отандық әскери кәсіби мамандарды дайындау мен оқытуға, контреррористік әлеуетті нығайтуға жәрдемдеседі. Бұл күн тәртібі екі ел үшін де өте маңызды»,  — деп қосты Д. Шир.

Соңғы жаңалықтар