Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі Интерфакс басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақ үйдің ресми өкілі Ресей билігіндегі басшылықтың әрекетін өзгерткісі келетінін айтты.
«Қазіргі АҚШ президенті басқаларға қарағанда Ресеймен қаталдау әрекет жасады. Қалған елдер де солай жасай алады және солай жасауға тиіс… Біз ресейлік барлау қызметінің 60 дипломатын шығардық, басқалар 4-5-тен қуды. Өзге елдер Ресей басшысының әрекетін өзгерту үшін оның еліне қысым көрсетіп, елшілерін көптеп шығару керек», — деді ол.