Нөсерлі жауыннан Миссури өзені арнасынан асып, Солтүстік Дакота штатындағы бірқатар қалаларды басып қалған. Мыңдаған адам апат аймағынан көшірілуде. Табиғаттың тосын мінезінен келген «шығын да орасан» дейді жергілікті билік өкілдері. Ал метеорологтардың болжамы көңіл көншітпейді. Штатта әлі бір аптадай жаңбыр жауып, арты дауылға ұласпақ.