Ондағы мәліметке қарағанда, өзінің аты-жөнін жасырған шенеунік АҚШ билігі Сирия президенті Башар Асад режимі мерзімді түрде химиялық қаруды қолданып келеді деп қауіптенетінін хабарлаған.
Бұл жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамп химиялық қаруға қарсы жауап ретінде әскери іс-қимыл жасауы мүмкін.
Сарапшылар пікірлеріне қарағанда, Сирияда химиялық қару соңғы алты жылда 30 рет қолданылған. Атап айтқанда былтыр Хан-Шейхунда (Идлиб провинциясы) болған әуе соққыдан уланған ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Башар Асад режимі болса, мұны жоққа шығарып келеді.