АҚШ джаз шеберлері Астанада 21-ші сәуірде тегін өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ джаз шеберлері Астанада 21-ші сәуірде тегін өнер көрсетеді

АҚШ джаз шеберлері Астанада 21-ші сәуірде тегін өнер көрсетеді

Америкалық «Шамарр Аллен энд Андердогз» джаз тобы Астанада 21-ші сәуірде тегін өнер көрсетеді, деп Қазақстандағы АҚШ елшілігінен хабарлады.

  • 7 Сәуiр 2011
  • 522
Фото - Caravan.kz

«Американдық заманауи «Шамарр Аллен энд Андердогз» джаз-тобы сәуірдің 12-22-лерінде Қазақстанда турне жасап, Алматы, Өскемен, Астанада өнер көрсетеді. Олардың Қазақстандағы ақтық концерті Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында 21-ші сәуірде 19:30-да болады», — делінген сәрсенбі күні АҚШ елшілігі таратқан хабарда.

Турнеге АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен Астана және Өскемен әкімшілігі демеушілік көрсетті. Сондай-ақ Алматыдағы джаз-фестиваль да көмек көрсетті. Өскемен мен Астанадағы концерттерге кіру тегін. Бейбітшілік және келісім сарайындағы орындар шектеулі болғаны себепті билеттерді осы сарайдың кассасынан алдын ала тегін алуға болады», — деп нақтылайды баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ хабарда джаз-тобы Бішкекте де өнер көрсететіні айтылған.

Шамарр Аллен – трамбонда ойнайды және вокалшы. Оның шыққан тегі Жаңа Орлеан. Оның Андердогз тобы хип-хоп, джаз, фанк және рокты ұштастыра алғаны үшін АҚШ-та өте танымал.

Перейти к новостям спорта