АҚШ Эболаға қарсы күресетін «медициналық арнайы команда» құрмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Эболаға қарсы күресетін «медициналық арнайы команда» құрмақ

АҚШ Эболаға қарсы күресетін «медициналық арнайы команда» құрмақ

АҚШ билігі Эбола вирусымен науқас түсе қалған жағдайда америкалық  ауруханаларға жіберілетін жедел әрекет етуші дәрігерлер командасын құру туралы шешім қабылдады.

  • 15 Қазан 2014
  • 246
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналистерге Ауруларды бақылау және профилактикалау орталығының директоры Томас Фриден мәлімдеді.

«Алғашқы науқас анықталған күні бізде мұндай топтың болмағаны өкінішті. Бірақ біз бұдан былай АҚШ-та бола қалған жағдайдағы ауру оқиғаларымен айнаысамыз», — дейді ол.

«Біз тағы бір жағдай анықталатын болса ауруханаға көмектесу үшін бірнеше сағат ішінде сол жерге келеміз», дейді Т.Фриден.

Бұрын хабарланғандай, өткен сәрсенбі күні АҚШ-та Эбола вирусын алғаш жұқтырған либериялық Томас Эрик Дункан қайтыс болды.


Науқасты күтуші медбике Нина Фам одан вирусты жұқтырған. Қазір медбикенің жағдайы жақсаруда. Т.Э.Дунканмен қатынаста болған 75 адам да дәрігерлердің бақылауында.