Жарияланды: 400

АҚШ Энергетика министрлігінің есебі мұнай бағасына әсер етті

АҚШ-тың Энергетика министрлігінің елдегі «қара алтын» қорының азайғаны туралы есебі мұнай бағасына әсер етті,

деп хабарлады РБК агенттігі. Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,62 долларға көтеріліп, 112,40 доллар/баррельді құрады. Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының бағасы 1,88 долларға қымбаттап, 94,77 доллар/баррельді құрады. АҚШ Энергетика министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, елдегі шикі мұнайдың коммерциялық қоры 18-24 маусымның аралығында 4,4 миллион баррельге азайып, 359,5 миллион баррельді құрады. Талдаушылар мұнай қоры 1,4 миллион баррельге азаяды деп болжаған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін