АҚШ Энергетика министрлігінің есебінен кейін мұнай бағасы аспандап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Энергетика министрлігінің есебінен кейін мұнай бағасы аспандап кетті

АҚШ Энергетика министрлігінің есебінен кейін мұнай бағасы аспандап кетті

22 маусым күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтардағы бағасы күрт көтерілді.

  • 23 Маусым 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Сарапшылардың айтуынша, оған АҚШ Энергетика министрлігінің елдегі мұнайдың коммерциялық қорының азайғаны туралы есебі себеп болып отыр, деп хабарлайды РБК аненттігі.

Атап айтқанда, Лондон сауда биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,26 долларға қымбаттап, 114,21 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 1,24 долларға көтеріліп, 95,41 доллар/баррельге жетті.

Сәрсенбі, 22 маусым күні АҚШ Энергетика министрлігі, 11-17 маусым аралығында елдегі шикі мұнайдың коммерциялық қоры 1,71 миллион баррельге төмендеп, 363,84 миллион баррельді құрағанын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар