Рәсімде ЮСАИД агенттігінің MAS-Q бағдарламасының директоры Эдвард Немероффтың атап көрсеткеніндей, бұл жоба арқылы АҚШ Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдерінің экономикалық өсімге қол жеткізуіне түрткі болу мақсатын көздеп отыр. Жоба жергілікті кәсіпорындардың сапалы өнім өндіру және оны экспортқа шығару мүмкіндіктерінің аясын кеңейтуге жағдай жасайды.
Бағдарлама директорының пікірінше, Мемлекеттік стандарт мекемесіне метрологиялық жабдықтар беру нәтижесінде Қазақстандық кәсіпорындардың өнімдері халықаралық стандарттарға сәйкестеніп, тиісті сертификаттау шарасынан өте алады.
Өткеріп бірлген жабдықтардың жалпы құны 302 мың долларға бағаланады. Бұл аспаптарды метрология және стандарттау институты энергетика, машина жасау, мұнайгаз және тамақ өнеркәсібіне арнап жабдықтар өндіру саласындағы өнімнің сапа стандарттарын айқындау мақсаттарында пайдалана алады.