АҚШ елшілігі Орталық Азия елдеріндегі ЖОО басшыларына арнап жазғы дәрістер ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ елшілігі Орталық Азия елдеріндегі ЖОО басшыларына арнап жазғы дәрістер ұйымдастырды

АҚШ елшілігі Орталық Азия елдеріндегі ЖОО басшыларына арнап жазғы дәрістер ұйымдастырды

Бизнес және экономикалық білім беру жобасы (B&EE), АҚШ мемлекеттік департаментінің USAID бағдарламасы мен "Corana" корпорациясы "Орталық Азия аймағындағы жоғары білім беру жүйесіндегі басқару және әкімшілік" атты тақырып бойынша кәсіби білім жетілдіруге арналған жазғы дәрістер ұйымдастырды. Бұл туралы бүгін, 21-шілдеде "Corana" корпорациясы таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Шiлде 2005
  • 428
Фото - Caravan.kz

Дәріс барысында Орталық Азиядағы бес елдің 42 университетінің ректорлары, проректорлары мен жоғары сатылы администраторлары тиімді басқару, қаржылық басқару бағдарламаларын жасау, жоғары оқу орнының іс-қызметіне өз бетімен баға беру процедурасы мен мониторинг, институционалдық өзгерістер қарқыны, оқыту бағдарламаларын жақсарту, кәсіпқой және бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мәселелері бойынша тренингтен өтеді.

Онда Нью-Джерси технологиялық университетінің және АҚШ-тың Вардербилт университетінің жоғары оқу орындары жүйесіндегі жетекші басқарушылар мен әкімшілік мамандары, сондай-ақ, халықаралық сарапшылар дәріс оқиды.

Перейти к новостям спорта