АҚШ елшілігі Қазақстан азаматтарының арасында өткізген "сахналанған сайлауда" Обама жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ елшілігі Қазақстан азаматтарының арасында өткізген "сахналанған сайлауда" Обама жеңіске жетті

АҚШ елшілігі Қазақстан азаматтарының арасында өткізген "сахналанған сайлауда" Обама жеңіске жетті

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ елшілігі Қазақстан азаматтарының арасында өткізген "сахналанған сайлауда" Барак Обама жеңіске жетті. Бұл туралы АҚШ елшілігінің жанындағы Қазақстандағы американдық бұрыштардың үйлестірушісі Лейли Кох бүгін журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Қараша 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

АҚШ президентінің «сахналанған сайлауы» Қазақстан резиденттерінің арасында президенттіктен үміткерлер — Барака Обама мен Джон Маккейннің өмірбаянын және бағдарламасын таныстыруға арналған дәрістерден кейін өткізілген. Қазақстан азаматтары елдің 11 қаласындағы кітапханаларда ашылған американдық бұрыштарда дауыс берген. Олардың жас мөлшеріне шектеу қойылмаған, көбінесе мектеп оқушылары мен студенттер дауыс берген.

«Әрине, бұл — сахналанған сайлау болғанымен, оның нәтижесінен кейбір тұжырымдар жасауға болады. 214 дауыс Джон Маккейнге, ал деморкаттардың кандидаты Барак Обамаға 966 дауыс берілген», — деді Л.Кох.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар