АҚШ елшілігі Қазақстанның Ирактағы өз әскерін шығару ниетінен бейхабар - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ елшілігі Қазақстанның Ирактағы өз әскерін шығару ниетінен бейхабар

АҚШ елшілігі Қазақстанның Ирактағы өз әскерін шығару ниетінен бейхабар

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Ирактағы Қазақстандық жауынгерледі шығару мүмкіндігі туралы "ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың БАҚ-тар арқылы жасаған мәлімдемесінен өзге үкіметтің қандайбір нақты шешімі туралы ақпараттардан бейхабар". Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Мамыр 2005
  • 328
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз Қазақстанмен және де Коалицияға кіретін басқа да елдермен Ирактың болашағы туралы талқылап жатырмыз»,- дейді елшіліктегілер.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-мамырда Астанада М.Алтынбаев Ирактағы Қазақстан әскерлерін шығару қажеттігі туралы өз пікірін білдірген. Министрдің пайымдауынша, «Қазбат Иракта жеткілікті тәжірибе жинақтады, сондықтан еліміздің Ирактағы бөлімшесінің жұмысын доғару туралы ойланатын мерзім жетті». «Ирактағы жауынгерлерді шығару немесе бөлімшенің сол елде қызмет атқаратын мерзімі аяқталғаннан кейін жаңадан әскерлер жібермеуді ойластыру қажет»,- деп атап көрсеткен министр осы орайда бұл тек өзінің жеке пікірі екенін мәлімдеді.
«Біз түрлі жағдаяттарға қарамастан, өзіміздің халықаралық міндеттемелерімізді толық орындайтынымызды дәлелдедік»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта