Жарияланды: 440

АҚШ елшілігі ҚР шекара әскерлеріне Toyota Land Cruiser автокөліктерін табыс етті

Бүгін, 29-желтоқсанда Алматыда ҚР ҰҚК Шекара қызметіне тау-тасқа ортекеше орғып шығатын 4 бірдей Toyota Land Cruiser автокөліктерін табыс ету рәсімі өтті. АҚШ елшілігімен өзара келісімге сәйкес бұл автокөліктер ҰҚК Шекара қызметінің осындай көліктерге зәру аймақтық командованиелеріне табыс етіледі ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

АҚШ елшісінің орынбасары Марк Аскуиноның атап көрсетуінше, бұл техника АҚШ мемлекеттік депарламентінің "Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі" (EXBS) атты бағдарламасы аясында беріліп отыр. ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Алексей Артемчуктың айтуынша, 2003-жыл бойына ҰҚК-нің Шекара қызметі 4 млн. доллардың жаңа техникасы мен жабдықтарын игерді. Олардың арасында автокөліктер, байланыс құралдары, дербес тіршілік қамтамасыздығы жүйесі бар жинамалы модульдық үйлер бар. Марк Аскуиноның атап көрсетуінше, EXBS бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған бірнеше жылда АҚШ жағы Қазақстан шекарасын қорғауға жауапты ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен ҚР кедендік бақылау Агенттігіне 5,564 млн. доллардың жабдықтарын табыс етті. Ал 2004-жылдың ақпан айында АҚШ елшілігі Шекара қызметіне тағы да 25 УАЗ джипі мен 2 КамАЗ жүк көлігін, ал кеден қызметіне 15 "Нива" автокөлігін бергелі отыр. Сондай-ақ, елшілік 7 кеден бекетіне RAPISCAN рентген қондырғыларын беруге шарт жасасқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін