АҚШ елшілігі соттың КТК телеарнасы мен "Караван" газетінің іс-қызметін уақытша тоқтату туралы шешіміне көңілі толмайтынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ елшілігі соттың КТК телеарнасы мен "Караван" газетінің іс-қызметін уақытша тоқтату туралы шешіміне  көңілі толмайтынын мәлімдеді

АҚШ елшілігі соттың КТК телеарнасы мен "Караван" газетінің іс-қызметін уақытша тоқтату туралы шешіміне көңілі толмайтынын мәлімдеді

АСТАНА. 25-мамыр. Kazakhstan Today. АҚШ елшілігі Алматы қалалық мамандандырылған экономикалық сотының КТК телеарнасы мен "Караван" газетінің іс-қызметін уақытша тоқтату туралы шешіміне көңілі толмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Мамыр 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Алматы қалалық сотының тәуелсіз КТК телеарнасының хабар таратуы мен «Караван» газетінің шығарылуын үш айға тоқтату туралы шешімінен біздің көңіліміз қайтты»,- деп мәлімдеді агенттікке АҚШ елшілігінің ақпараттық бөлімі.

«Өз идеясы мен пікірін еркін білдіру құқығы демократияның ажырамас бөлігі. Халық түрлі пікір-көзқарастардан хабардар болуға құқылы. Ол көзқарастар үкіметтікінен өзгеше болған жағдайда да, олар тіпті жанға батыра жәбірлеген сипатта болған жағдайда да білуге құқылы»,- дейді елшіліктегілер.

«Біз Қазақстан үкіметін демократиялық реформалар мен сөз бостандығын қолдайтындығы туралы өзі жариялаған сөзінде тұруға және оларды құрметтеуге шақырамыз»,- деп мәлімдеді елшіліктегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті