Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір мәселелер мен алдағы президент сайлауы кезінде олардың заң аясында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты мәселе талқыланған бұл кездесуде АҚШ елшісі бас прокурорды елшілік тарапынан Қазақстандағы сайлау процессін қолдау үшін бірқатар шаралар жоспарланғанынан хабардар етті. Осыған байланысты бұл шаралар ҚР бас прокуратурасымен бірлесе алдын-ала талқыланады деген байлам жасалды.
Р.Түсіпбеков АҚШ елшісіне прокуратура органдары тарапынан іске асырылып жатқан сайлаудың заңды өтуін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жөнінде мағлұмат берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті