АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол Құрама Штаттарының сайланған президенті Дональд Трамп билік басынан келгеннен кейін өз қызметінде қала береді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"The New York Times басылымы 2017 жылғы 5 қаңтарда жариялаған ақпаратқа сәйкес, "АҚШ елшілері өз қызметтерінен 20 қаңтарға дейін кетуі тиіс. Бұл бұйрық кадрлық елші дипломаттарға емес, тек саяси сайланған елшілерге ғана қатысты. Бұл саясат Құрама Штаттарының үкіметі ауысқан кезде стандартты болып табылады", — делінген хабарламада. Саяси сайланған елшілер Құрама Штаттарының кадрлық сыртқы дипломатиялық қызметтің мүшесі болып табылмайды.