АҚШ Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуын қолдайды

АҚШ Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуын қолдайды

АҚШ Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына "айрықша қанағаттанады",- деп мәлімдеді Ұйымның тұрақты кеңесінің отырысына қатысқан АҚШ-тың Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы тұрақты өкілінің орынбасары Дуглас Дэвидсон. Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 5 Тамыз 2003
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан өкіметі Орталықпен өзара тығыз ынтымақтастыққа әзірлік танытты, әрі бұл байланыстың жан-жақсы тереңдеп нығая түсуі табиғи құбылыс болмақ»,- деді ол.

Сондай-ақ, АҚШ сайлау туралы жаңа заң жобасында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының барлық ұсыныс-нұсқауларын ескеруге Қазақстан тарапынан әзірлік танытылуын толық құптайды. «Біз Қазақстанда әділ әрі еркін сайлау өткізуге мүмкіндік беретін жаңа заңның жүзеге асуын асыға күтеміз»,- деді Ұйымдағы АҚШ миссиясының өкілі.
Сонымен бірге, Д.Дэвидсон саяси партиялар жөніндегі 2002-жылғы жаңа заңға сәйкес 11 саяси партияның арасынан жетеуінің тіркеуден табысты өтуіне қанағаттандағандық танытты. Сонымен бірге ол жаңа әрі қатаң тіркеу талаптарынан өтпей қалған 8 партияның таратылуына алаңдаушылық білдірді.
Д.Дэвидсонның айтуынша, Қазақстандағы демократиялық ахуалдың оң бағытқа бет бұруына қарамастан Бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты сот процесстерінің тыйылмауына АҚШ әлі де алаңдаулы. «Пікір алуандығын тұншықтыру мен саяси партиялардың дамуына тосқауыл қойып аяқтан шалу — болашақта абырой әпермейтін қадам»,- деді Д.Дэвидсон.
Ал Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы 2009-жылғы төрағалық лауазымға жасап отырған талпынысына қатысты Д.Дэвидсон былай деді : «бұл қадамнан біз Қазақстанның реформалар соқпағына бұлтарыссыз түсуге деген ниетін аңғарамыз. Сондықтан да бұл Қазақстанның Ұйымда төрағалық жасау жөніндегі кандидатурасына баса назар аударуға негіз болатыны анық».

Соңғы жаңалықтар