АҚШ генералдары қазақ жауынгерлерінің шеберлігіне тәнті болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ  генералдары қазақ жауынгерлерінің шеберлігіне тәнті болды

АҚШ генералдары қазақ жауынгерлерінің шеберлігіне тәнті болды

Қазақ жауынгерлері Біріккен ұлттар ұйымының бітімгерлік операцияларына дайын екендіктерін тағы бір дәлелдеді. «Дала қыраны» әскери оқу-жаттығу барысында отандық сарбаздар тіпті ағылшын және АҚШ генералдарын тәнті етті. Осымен 13-ші рет өткізіліп отырған әскери шара бұл жолы тұрғындарды лаңкестерден азат етуге арналды.

  • 18 Сәуiр 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz

Әскери жаттығу әдеттегідей Алматы облысындағы Іле полигонында өтті. Қолдан жасалған мына қалашықтың іші, сценарий бойынша, әп-сәтте қан-жоса қырғынға айналды. Тұрғын үйлердің бірін басып алған бүлікшілер оңайшылықпен берілмеген соң, жауынгерлер келіп ойран-топанын шығарды. Бір үйден бір үйге сырғып отырған сарбаздар барлық ғимаратты лаңкестерден түгел тазартты. Шетелдік генералдардың назарына іліккені, әсіресе, рота командирінің өз бетінше ұтымды шешім қабылдай білуі болды.

Дәулет Оспанов, ҚР Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерінің қолбасшысы:

— Бұл жаттығуда бізде екі мәселе болған: біріншісі – жеке роталарды дайындау, екіншісі – штабтарды дайындау. Сол мақсаттарға біз жеттік.