АҚШ кәсіпқой әскер жасақтауда Қазақстанның көшбасшы елге айналғанын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ кәсіпқой әскер жасақтауда Қазақстанның көшбасшы елге айналғанын атап өтті

АҚШ кәсіпқой әскер жасақтауда Қазақстанның көшбасшы елге айналғанын атап өтті

АҚШ кәсіпқой әскер жасақтауда Қазақстанның көшбасшы елге айналғанын атап өтті. Бүгін, 17-қазанда ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембиновтың АҚШ қарулы күштері мен мемлекеттік департаментінің өкілдерімен кездесуі барысында осындай пікір білдірілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 17 Қазан 2005
  • 609
Фото - Caravan.kz

Өкілдер құрамында Америка Құрама Штаттарының әскеи-саяси элитасына жататын оншақты генералдар, адмиралдар мен мемлекет қайраткерлері бар.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның бітімгершілік әлеуетін арттыру, екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағы, ҚР қарулы күштерін жаңалау мәселелерін талқылады. «Аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті нығайту ісінде Қазақстан әлемнің жетекші елдерінің жетекші әріптесі болып табылады»,- деді АҚШ өкілдері.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ пен Қазақстанның қорғаныс саласындағы арабайланыстары 2003-жылдың қыркүйегінде қол қойылған 5 жылдық ынтымақтастық жоспарының негізінде дамып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанға 30 млн. доллардың әскери техникалары мен жабдықтары жіберілді. «Халықарпалық әскери дайындық және оқыту» бағдарламасы аясында еліміздің 200 әскери қызметкері білім шыңдады.

Перейти к новостям спорта