АҚШ конгресінде «Қазақстандағы Америка бизнесі: 20 жыл серіктестік» деген тақырыпта ақпараттық шара өтті
![]() |
Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Қазақ-американ іскерлік қауымдастығымен бірлесіп «Қазақстандағы Америка бизнесі: 20 жыл серіктестік» деген тақырыпта ақпараттық шара өткізді. |
АҚШ конгресінде өткен бұл шараға сенаторлар мен өкілдер палатасының мүшелері, палата аппараттарының қызметкерлері, американдық ірі корпорациялардың басшылары мен сарапшылар қатысты, деп хабарлады Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен.
Жиынды ашқан елші Ерлан Ыдырысов өз сөзінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктері, атап айтқанда еліміздің тәуелсіздіктің 20 жылында демократиялық ынтымақтастық саласында қол жеткізген табыстары туралы әңгімелеп берді. Ол сондай-ақ биыл 20 жылдығы аталып отырған қазақстан-американ дипломатиялық қарым-қатынасының даму жолына да шолу жасап өтті. Аудитория сонымен қатар, жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып отырған Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарымен танысты.
Еліміздің экономикалық жетістіктері мен саяси даму саласындағы ілгерілеушіліктері басқа да баяндамашылардың сөзіне арқау болды. Сенатор Дж.Ховен экономиканы әртараптандыру бағытында ел басшылығы қабылдап жатқан шараларға жоғары баға берді.
Ал Дүниежүзілік банктің аймақ бойынша маманы К.Матин өз баяндамасында Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерінің қарқынды өсуіне тоқталды.
Бұл шараның қорытындысы АҚШ-та Қазақстанға деген ықыластың өсіп отырғанын көрсетіп отыр. Конгрестің сыртқы істер комитетінің еуропалық және еуразиялық істер жөніндегі кіші комитетінің төрағасы Б.Бертонның ағымдағы жылы конгресшілер делегациясын бастап Қазақстанға сапар жасау туралы ниеті осының бірден бір дәлелі болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін