АҚШ конгрессінің мүшесі Қазақстан президентінің кандидатурасын Нобель сыйлығына ұсынуды жөн санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ конгрессінің мүшесі Қазақстан президентінің кандидатурасын Нобель сыйлығына ұсынуды жөн санайды

АҚШ конгрессінің мүшесі Қазақстан президентінің кандидатурасын Нобель сыйлығына ұсынуды жөн санайды

ВАШИНГТОН. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. АҚШ конгрессінің мүшесі Эни Фалеомаваега Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Нобель сыйлығына ұсынуды жөн санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2006
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Мен Қазақстан президенті бейбітшілік үшін Нобель сыйлығын алуға тиіс деп санаймын»,- деді АҚШ конгрессі өкілдер палатасының мүшесі Эни Фалеомаваега кеше «Ядролық қауіп-қатерді қысқарту» қоры Қазақстан президентінің құрметіне «Кэпитал Хилтон» қонақүйінде берген кешкі аста.

Конгресс мүшесінің пікірінше, «өз халқын шексіз сүйетін жетекші ғана халқының әл-ауқаты мен қауіпсіздігі үшін өз басын тәуекелге тіге алады».

«Ядролық қауіп-қатерді қысқарту» қорының жетекшісі, Си-эн-эн телеарнасының негізін қалашы әрі қожайыны, миллиардар Тед Тернер Нұрсұлтан Назарбаевқа былай деді: «біз үшін қарусыздану мәселесі бойынша сізбен жұмыс істеу үлкен мәртебе. Сіз ядролық қарудан бас тарту жөнінде аса батыл әрі көреген қадам жасадыңыз. Егер барлық мемлекет басшыларының көзқарасы сіздікіндей болса, онда әлемде ядролық қару қаупі деген болмаған болар еді. Сіз дүниежүзіне үлгі көрсете білдіңіз. Біз сіздің әріптесіңіз болғанымызды мақтан тұтамыз»,- деді Т.Тернер.

«Мен үшін сізге АҚШ жерінде сәлем беру үлкен мәртебе. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан бейбітшіліктің моделін жасауда. Сіздің басшылығыңыздың арқасында Қазақстан халқы қауіпсіз әлемде өмір сүре бастады»,- деді «Ядролық қауіп-қатерді қысқарту» қорының тең төрағасы, сенатор Сэм Нанн.

Қазақстан президентіне конгресс мүшесі Шелли Беркли ханым да сәлем берді. «Президент Назарбаев ядролық қарудың ауқымды қорынан құтылу қажет деген айрықша маңызды қадам жасады. Бұл адам бейбітшілік жолын таңдап, өзінің таңғажайып елін қауіпсіздік пен гүлденуге қарай бастап барады. Ол өз елі үшін, мүмкін тіпті бүкіл адамзат дүниесі үшін тарихтың бағдарын бұрып жіберді»,- деді ол.

Қазақстан президенті кездесуді ұйымдастырушыларға ризашылық білдіріп, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дуарт Эйзенхауэрдің немересі, саясаттанушы Сюзан Эйзенхауэрге «бүгінгі кештің қожайыны болуға ақ пейілмен келісімін бергені үшін» алғыс айтты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта