АҚШ Конгрессінің сенатында "Ядролық қауіпті азайту арқылы ғаламдық қауіпсіздікті нығайтқан Қазақстан" деген тақырыпта симпозиум болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 528.52
  • 539.14
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Конгрессінің сенатында "Ядролық қауіпті азайту арқылы ғаламдық қауіпсіздікті нығайтқан Қазақстан" деген тақырыпта симпозиум болып өтті

АҚШ Конгрессінің сенатында "Ядролық қауіпті азайту арқылы ғаламдық қауіпсіздікті нығайтқан Қазақстан" деген тақырыпта симпозиум болып өтті

АҚШ Конгрессінің сенатында "Ядролық қауіпті азайту арқылы ғаламдық қауіпсіздікті нығайтқан Қазақстан" деген тақырыпта симпозиум болып өтті. Симпозиум аясында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Эпицентр мира" атты кітабының тұсаукесері мен "Қазақстан : ядролық зұлматтан әлемнің эпицентріне дейін" деген фотокөрме өтті.

  • 24 Желтоқсан 2003
  • 707
Фото - Caravan.kz

Екі ел президенттері симпозиумға қатысушыларға жолдау арнап, шараның маңызын арттыра түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Шараға АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарлары Э.Джонс пен П.де Саттер, АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Д.Клейн, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры М.Брайза, мемлекеттік департаменттің, қорғаныс және энергетика министрліктерінің жетекші бөлімшелерінің басшылары, АҚШ-тың жетекші БАҚ-тары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты.
Симпозиумда сөз сөйлеген «Ядролық қауіп-қатерді азайту» қорының тең төрағасы С.Нанн Қазақстан президентінің ядролық қару таратпау ісіне қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді.
Симпозиум қорытындысы бойынша сенатор Р.Лугар БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, онда «бұл бағдарламаны жүзеге асыруда Қазақстанмен екі арадағы ынтымақтастық айрықша роль атқарды. Қазақстан АҚШ-тың сенімді әріптесі ретінде қала береді. Біз бұл елдің қару таратпау ісіне қосқан нақты үлесі мен ынта-жігеріне ризашылығымызды білдіреміз»,- деп атап көрсетті.